Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатында үздік ондықты түйіндеді

АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат -Дубай қаласында 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында волейболдан ерлер арасында XVII Азия чемпионаты өтті.
None
None

Бұл бәсекеде 21 елдің арасынан Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 10-орын алды.

2011 жылы өз елінде өткен соңғы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған ирандықтар бұл жолы да өз атағын сақтап қалды. Олар ақтық сында бұл дүбірлі додада бұған дейін 1989, 1993, 2001, 2003 жылдары жеңімпаз атанған Оңтүстік Корея спортшыларын 3:0 (25:19, 25:22, 25:19) есебімен ұтты. Жалпы Азия чемпионатында бұған дейін Жапония 7 рет, Оңтүстік Корея 4 рет, Қытай 3 рет, Австралия 1 рет чемпион мәртебесін иеленген болатын.

Бұл байрақты бәсекеде 1993 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Қазақстан құрамасы Тайландтың Накхонратчасим қаласындағы алғашқы жарыста 16 елдің арасынан 2-орын алып, ақтық сында кореялықтарға 3:0 (15-11, 15-5, 15-13) есебімен жеңілген еді. Одан кейін 1995, 1997, 2005 жылдары Азия чемпионатына қатыспаған олар 1999 жылы - 11, 2001 жылы - 9, 2003 жылы - 8, 2007 жылы - 7, 2009 жылы - 5. 2011 жылы 9-орынға табан тіреген болатын.

Соңғы жаңалықтар