Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатының екінші топтық кезеңіне шықты
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Эмираттарында өтіп жатқан волейболдан ерлер командалары арасындағы Азия чемпионатының екінші топтық кезеңіне өтті, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі.
Қазақстандық волейболшылар "С" тобында екінші орын алып, медаль үшін күресті жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Иран командасына - 0:3 (21:25, 17:25, 22:25) болып есе жіберсе, ал екінші кездесуде Кувейтті - 3:0 (25:23, 25:15, 25:17) есебімен тізе бүктірді.
Енді Қазақстан құрамасы Иран, Ирак және кейінірек белгілі болатын тағы бір командамен бірге "К" тобында ойын көрсететін болады