Қазақстандық волейболшылар бүгінгі кездесуін сәтті өткізсе, Азия чемпионатының жүлделі орындары үшін таласуға мүкіндік алады

АЛМАТЫ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тайландта өтіп жатқан клубтық Азия чемпионатында кеше «Жетісу» волейбол клубының қыздары қытайлық құрбыларынан 1:3 есебімен ұтылып қалды,

Қазақстандық волейболшылар бүгінгі кездесуін сәтті өткізсе,  Азия чемпионатының жүлделі орындары үшін таласуға мүкіндік алады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нахон Патом қаласындағы бұл байрақты бәсекеде Рустам Мәсімов жаттықтыратын талдықорғандық қыздар алғашқы 3 кездесуінде басым түскен болатын. Олар алдымен индонезиялықтарды 3:0, одан кейін Ауғанстан мен Вьетнам еліндегі өз әріптестерін де осындай есеппен тізе бүктірді. Алайда, кеше Қытайдың «Тианжин Бриджстоун» клубымен өткен ойында 1:3 есебімен (20:25, 16:25, 25:21, 21:25) есе жіберді. Қазақстан чемпионы енді бүгінгі кездесуде Жапонияның «Торэй Арроуэ» клубын ұтса топтық ойында екінші орын алып, жарыстың жүлдесі үшін таласын жалғастыруға мүмкіндік алмақ.