Қазақстандық волейболшылар Хорватияда оқу-жаттығу жиындарын бастады

АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрамасы Хорватияның Задар қаласында оқу-жаттығу жиынын бастады.
None
None

Бас бапкер Александр Гутор оған Талдықорғанның «Жетісуынан» Людмила Анарбаева, Ольга Наседкина, Коринна Ишимцева, Марина Стороженко, Алена Омельченко мен Ирина Шенбергерді, «Алматыдан» Елена Гордеева, Людмила Исаева, Татьяна Афанасьева мен Ирина Лукомскаяны, «Астанадан» Сана Жарлағасованы және шетелде өнер көрсететін ойыншылардан Кипрден Татьяна Мудрицкаяны, Түркиядан Алеся Сафронованы шақырып отыр.

Бұл жиын 30 шілдеге дейін созылмақ. Одан кейін спортшылар 2-18 тамыз күндері Әлемдік Гран-при додасына, ал 3-12 қыркүйекте Қытайда не Жапонияда өтетін 2014 жылғы Әлем чемпионатының 4 жолдамасы сарапқа салынатын жарысқа қатысады. Сондай-ақ 13 қыркүйекте Тайланда жалауы көтерілетін Азия біріншілігінде бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар