17:25, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстандық волейболшылар ІІ Еуразия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық волейболшы қыздар мен ұлдар Ресейде өтіп жатқан ІІ Еуразия ойындарының қола жүлдегерлері атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.
Қазан қаласындағы бұл дүбірлі додаға Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Украинадан 6 команда қатысып жатыр. Онда 13 пен 17 жас аралығындағы мыңнан астам жасөспірімдер спорттың 14 түрі бойынша сынға түсуде. Онда волейболдан Қазақстанның Күленке Губашев жаттықтыратын қыздар мен Григорий Неклюдов бапкерлік ететін ұлдар құрамалары (1993-1994 жылдары туған) Еуразия ойындарының қола жүлдегерлері атанды. Қыркүйектің 4-і күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсеке сенбі күні мәресіне жетеді.