Қазақстандық волейболшылар Иранда өтетін ІІ Азия кубогы жарысына қатысады

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияның Анталия қаласына аттанып кетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Олар бұл жиынды Геннадий Паршин мен Рафаэль Гилязутдиновтың жетекшілігімен өткізеді. Ал шілденің 29-ы күні ерлер клубтары арасындағы ІІ Азия кубогы жарысына қатысу үшін Иранға аттанады. Урум қаласында тамыздың 1-7-сі аралағында өтетін бұл байрақты бәсекеге Австралия, Жапония, Индонезия, Иран, Корея, Қазақстан, Қытай және Тайпей спортшылары қатысады. Г. Паршин жаттықтыратын ерлер құрамасы іріктеу кезеңінде Жапония, Корея және Австралия командаларымен В тобында өнер көрсетеді. Олар алғашқы күні - Австралия, ал одан кейін Жапония және Корея волейболшыларымен кездесетін болады.

Соңғы жаңалықтар