Қазақстандық волейболшылар Италиядағы Әлемдік Гран-придің алғашқы турына қатысады
АЛМАТЫ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Италияның Монтикьяри қаласында 2 қыркүйек волейболдан әйелдер арасындағы ХХІ Әлемдік Гран-приінің алғашқы турындағы «Е» тобындағы командалардың ойыны басталады. Александр Гутор баптайтын ел құрамасы алғашқы ойынын неміс қыздарымен өткізеді. Одан кейін сенбіде жарыс қожайындарымен, ал жексенбіде Аргентина волейболшыларымен күш сынасады.
Бас бапкер бұл додада «Жетісудан» Ольга Наседкина, Людмила Анарбаева, Коринна Ишимцева, Марина Стороженко, Алена Омельченко, Ирина Шенбергер; «Алматыдан» Елена Гордеева, Людмила Исаева, Татьяна Афанасьева, Ирина Лукомская, Екатерина Разоренкова, Яна Ягодина; «Қостанайдан» ЕкатеринаАкилова, Анастасия Ростовщикова; «Астанадан» Сана Жарлағасова; «Грация- KZ»-тен Зарина Сейітқазинова;«Қарағандыдан» Наталья Акилова; «Ертіс-Қазхромнан» Инна Матвееваға және Кипрдің Фамагуста қаласының «Анортосис» командасынан Татьяна Мудрицкая мен Түркияның Анкара қаласының «Iller Bankasi» командасынан Алеся Сафроноваға үміт артып отыр. Қазақстандықтар бұған дейін бұл жолғы қарсыластарынан Әлемдік Гран-При додасында Италия құрамасына 2011 жылы 2:3, ал Германияға 2008 жылы 2 рет 0:3 есебімен жеңілген болатын.