Қазақстандық волейболшылар қарымта қайтарды

Үш партияда Түркіменстан командасын 3:0 (25-17, 25-22, 25-19) есебімен жеңіп, қазақстандық жастар командасы тоғызыншы-оныншы орындарға таласатын болды. Олег Кузнецов жаттықтыратын құраманың қарсыласы екінші рет Шри-Ланка құрамасы болып отыр, олар Өзбекстан волейболшыларын 3:2 есебімен ұтты.
Бірінші сегіздіктен жартылай финалға шыққан командалар (Иран, Қытай, Жапония және Үндістан) 2013 жылғы әлем біріншілігінде Азия құрлығының атынан шығатын болды.
Айта кетейік, ХVI Азия чемпионаты Иранда бүгін бітеді, жарыстың соңғы күнінде 4 қорытынды матч өтеді.
Жарыс қортындысы бойынша:
1-4 орындар: Иран, Қытай, Жапония, Үндістан;
5-8 орындар: Таиланд, Тайбэй, Корея, Австралия;
9-10 орындар: Қазақстан, Шри-Ланка
11-12 орындар: Өзбекстан, Түркіменстан;
13-орын: Ауғанстан.