Қазақстандық волейболшылар клубтық Азия чемпионатында төртінші орын алды

АЛМАТЫ. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тайландта өткен клубтық Азия чемпионатында қазақстандық волейболшылар үздік төрттіктің қатарынан орны алды,

Қазақстандық волейболшылар клубтық Азия чемпионатында төртінші орын алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Талдықорғанның «Жетісу» волейбол клубы бұл жарыста 4 ойында басым түсіп, 4 ойында ұтылып қалды. Рустам Мәсімовтен тәлім алған «жетісулықтар» өз тобында Жапония мен Қытай елінің «Торэй Арроу» мен «Тианжин Бриджстоун» клубтарына ғана есе жіберді. Сол себепті жүлделі орындар үшін ақтық ойындарда олармен қайта кездескенімен қарсыластарының осал тұсын таба алмады. Жарыс қорытындысында соңғы сайыста қытайлықтарды 3:2 есебмен ұтқан алаң иелерінің «Федербрау» командасы Азия чемпионы атанып, «Торэй Арроу» командасы қола жүлдегер атанды. Ал Қазақстанның «Жетісу» және Солтүстік Кореяның «Собаекси» клубтары үздік бестіктің қатарынан орын алды. Өзбекстан (Скиф) мен Индонезия (Петрокимия Гресик) волейболшыларына чемпионат кестесіндегі соңғы 9-10 орындар бұйырды.