19:29, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстандық волейболшылар Орталық аймақ елдері арасындағы ІІІ Азия чемпионатында 3 орын алды
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Үндістанда өткен ерлер волейбол командаларының Орталық аймақ елдері арасындағы ІІІ Азия чемпионатының жалауы түсірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қыркүйектің 17-сі күні Калькутта жалауын көтерген бұл байрақты бәсеке 3 күнге созылды. Онда Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы ойында үндістандықтарға ( 0:3) есе жіберген еді. Одан кейін Пәкістан құрамасымен болған ойынды 3:0 есебімен өз пайдасына шешті. Алайда ақырғы сайыста Иран волейболшыларының осал тұсын таба алмай 0:3 (19:25, 20:25, 20:25) есебімен жеңіліс тапты. Соның нәтижесінде чемпионаттың жалпы қорытындысында Иран спортшылары бірінші, жарыс қожайындары екінші, Қазақстан үшінші, ал Пәкістан командасы төртінші орынды иеленді.