Қазақстандық волейболшылар «Тайланд ханшайымы кубогы» XV халықаралық турнирінің жартылай финалына өтті

АЛМАТЫ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Тайландтың Накхонратшасима қаласында өтіп жатқан «Тайланд ханшайымы кубогы» XV халықаралық турнирінде бүгін ширек финалда «жетісулық» спортшылар Перудің жастар құрамасын ойсырата ұтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ойында Нелли Щербакова жаттықтыратын Талдықорғанның "Жетісу" клубы қарсыластарын 3:0 (25:11, 25:13, 25:20) есебімен жеңді. Олардың жартылай финалдағы қарсыласы енді Қытай мен Индонезия арасындағы ойынның жеңімпазы болмақ. Қазақстандықтар бұған дейін іріктеу кезеңінде индонезиялықтарды, тайпейліктерді және тайландтықтарды 3:0 есебімен ұтты. Ал қытайлықтар үндістандықтар мен вьетнамдықтарды ұтса (3:0), индонезиялықтар тайландтықтарға осындай есеппен есе жіберген еді. Маусымның 11-і күні басталған бұл жарыстың ақтық сыны жұма күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар