Қазақстандық волейболшылардың Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

АЛМАТЫ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтетін XVII Азия чемпионатының жеребесі тартылды.
None
None

Оған қатысатын 24 елдің ұлттық құрамалары 8 топқа жіктелді. Геннадий Паршин жаттықтыратын қазақстандықтар Иран мен Кувейт спортшыларымен бірге «С» тобында өнер көрсететін болды. Онда өз тобында 1-2 орын алған алғандар 1/8 финалға жолдама алмақ.

2011 жылы Иранда өткен соңғы Азия чемпионатына 16 елдің құрамасы қатысқан болатын. Онда жарыс қожайындары жеңімпаз атанса, қазақстандықтар тек 9-шы орынды қанағат тұтқан еді. Ал Кувейт спортшылары оған қатысқан жоқ.

Биылғы додаға дайындықты Түркияда бастап, Қытайдағы халықаралық турнирде пысықтаған ұлттық құрама оның алдында тағы 2 маңызды жарысқа қатыспақ. Оның біріншісі - маусым айында Павлодарда өтетін Әлем чемпионатының аймақтық іріктеу турнирі, екіншісі - тамыз айында Алматыда болатын «ҚР Президенті кубогы үшін» өтетін дәстүрлі халықаралық турнир болғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар