Қазақстандық вундеркиндтер физика пәні бойынша халықаралық олимпиададан төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық вундеркиндтер физика пәні бойынша халықаралық олимпиададан төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Қазақстандық вундеркиндтер физика пәні бойынша халықаралық олимпиададан төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды

44-ші олимпиада 7-15 шіле аралығында Дания астанасы Копенгаген қаласында өтті. Бұған әлемнің 83 мемлекетінен 381 оқушы қатысқан.

Күміс жүлдені қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Айдар Жетесов (Астана), Амир Бралин (Ақтөбе) және тараздық Мұса Раджамов пен Нұрислам Тұрсынбек алды. Қола медаль аталған лицейдің 10-сынып оқушысы, тараздық Дінмұхаммед Нұрбектің еншісіне тиді.