Қазақстандық Ярослава Шведова Чарлстондағы турнирде чехиялық Андрея Хлавачковадан басым түсті
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-тың Чарлстон қаласындағы WTA "Family Circle Cup" сериясы бойынша өтіп жатқан турнирдің негізгі кестесіне шықты.
Финалдық кездесуде Я.Шведова чехиялық Андрея Хлавачкованы 7:6 (7:5) 7:5 есебімен жеңді. Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз осыған дейін американдық Джесика Пегулудан 6:4, 6:0 есебімен басым түскен болатын. Енді бірінші айналымда қазақстандық спортшы ресейлік Александра Пановамен ойнайды. Сондай-ақ осы айналымда Галина Воскобоева мен австралиялық Елена Докич өзара бақ сынасады.