Қазақстандық Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 21 сатыға төмен сырғыды

АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 2 сатыға төмен түсіп қалды.

Қазақстандық Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 21 сатыға төмен сырғыды

Бұл туралы Vesti.kz. жазады.

Францияның ашық чемпионатында («Ролан Гаррос») екінші айналымға жеткен отандасымыз аталмыш бәсекенің қорытындысы бойынша тізімнің 52-інші сатысына жайғасты.

Ал еліміздің тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева жеті сатыға көтеріліп, 91-інші орынды иеленді. Галина Воскобоеваның да жағдайы жақсарды. Спортшы тізімнің 123-інші сатысынан 94-ке көтерілді. Айта кеткен жөн, екі қазақстандық теннисші де «Ролан Гарростың» екінші айналымына өте алмады.

Ксения Первак екі саты төмен түсіп, 114-інші орынға тұрақтады. Ал Сесиль Каратанчева бірден 10 сатыға - 129-ға дейін «құлады».