Қазақстандық Ю.Путинцева Дубайдағы жарыста Ұлыбританияның бірінші ракеткасын жеңді

ӘБУ-ДАБИ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Dubai Duty Free Championship жарысындағы өзінің бірінші ойынында жеңіске жетті.
None
None

Бұл жарыстар БАӘ-нің вице-президенті, вице-министрі, Дубай әмірлігінің әміршісі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мақтумның қолдауымен өтуде. Жарыс жыл сайын ақпан айының соңында Дубайдағы ашық корттарда ұйымдастырылып, теннистің үздік жұлдыздарын жинайды.

Он сегіз жастағы Ю.Путинцева бірінші ойынын Ұлыбританияның басты ракеткасы Лаура Робсонмен өткізді. Қазақстандық спортшы үш сетте Л.Робсонды 6-4, 2-6, 7-6 есебімен жеңді.

Ю.Путинцева әлемдік теннис дәрежесінде 97-орында тұр, ал британдық спортшы 2013 жылдың қаңтар айында мансабындағы үздік нәтижесі - 43-орынға қол жеткізді.

Қазақстандық спортшы жарыстағы келесі ойынын Польшаның атақты теннисшісі Агниестка Радванскамен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар