Қазақстандық зениттік бөлімшелердің әскери қызметшілері бір ай полигон жағдайында болады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Отар оқу-жаттығу орталығының Мәтібұлақ полигонында ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері зениттік бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық зениттік бөлімшелердің әскери қызметшілері бір ай  полигон жағдайында болады (ФОТО)

Зениттік бөлімшелер, ҚР ҚК-нің әскери техникасы мен қару-жарағы бір ай бойы полигон жағдайында болады. Әскери қызметшілердің саны 100-ден асады.

Теңіз жаяу әскерлері бригадасының зениттік дивизион әскери қызметшілері Маңғыстау облысынан оңтүстікке жеткізе отырып, жиынға өзінің техникасымен қатысатынын айта кеткен жөн.
Бұл оқу-жаттығу жауынгерлерге зениттік құрылғылардан жауынгерлік оқ ату бойынша іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, әскери қызметшілер жауынгерлік және дене даярлығы бойынша сынақ тапсырады, бөлімшелердің сайысы өтеді. Оқу-жаттығудың басты мақсаты - Құрлық әскерлері зениттік бөлімшелерінің дағдысын жетілдіру және тікелей басқару болып табылады. Жаттықтыру жеке құрамның жоғары жауынгерлік рухын, моральдық-психологиялық қасиеттері мен кез келген сәтте Отанды қорғауға әзірлігін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
null null