Қазақстандық Ж.Эшимова Германиядағы әйелдер күресі гран-приі халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің Дормаген қаласында өткен жарыстарда қазақстандық әйелдер командасы төрт медальді иеленді, деп хабарлады Sports.kz ВКонтакте желісіндегі «Kazakhstan Wrestling Online» тобына сілтеме жасап.

Қазақстандық Ж.Эшимова Германиядағы әйелдер күресі гран-приі халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Жұлдыз Эшимова 53 келі салмақ санатында бірінші орынға ие болды. Эльмира Cыздықова мен Екатерина Ларионова 69 келі салмақта қола медальді иеленді. Сондай-ақ 75 келі салмақпен Гүлмарал Еркебаева да қола жүлдеге қол жеткізді.