18:00, 25 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстандық жағажай волейболшылары әйелдер арасындағы «SWATCH WORLD TOUR 2012» жарысының Таиландтағы кезеңін сәтті бастады
АЛМАТЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Таиландағы Банг Саенда әйелдер арасында «SWATCH WORLD TOUR 2012» жарысының «Open powered by PTT» кезеңі өтіп жатыр.
Сейсенбі күні жалауы көтерілген бұл бәсекеде ел намысын Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова жұбы қорғауда. Олар Гранд Слэма додасындағы соңғы жарыста сәтті өнер көрсетуіне байланысты бұл сайысты негізгі кестеден бастады. Бүгін олар алғашқы раундта чехиялық қарсыластарынан 1:2 (16-21, 21-19, 9-15) есебімен басым түсті. Енді екінші раундта жарыс қожайындарымен күш сынасуда.
Жалпы бұл кезеңнің жеңімпазы 28 қазандағы ақтық ойында белгілі болады. Одан кейін ел құрамасының үздіктері 1-7 қараша күндері Қытайда өтетін Азия чемпионатына қатыспақ.