Қазақстандық жағажай волейболшылары «Белитунг-Индонезия 2010» халықаралық турнирінде 4-5 орындарға ие болды
АЛМАТЫ. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық жағайжай волейболшылары қазанның 8-10-ы күндері әйелдер арасында өткен «Белитунг-Индонезия 2010» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Онда ел намысын қорғаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова және Инна Рахматулина мен Людмила Исаева жұптарының жолы ширек финалда түйісті.
Бұл ойында 0:2 (18-21, 11-21) есебімен басым түскен Татьяна мен Ирина жартылай финалда тайландықтарға 2:1 (19-21, 21-16, 15-13), ал 3-інші орын үшін болған ақтық сайыста тайпейліктерге 2:0 (21-11, 21-18) есе жіберді. Соның нәтижесінде Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова төртінші, Инна Рахматулина мен Людмила Исаева бесінші орынға ие болды. Турнир қорытындысында 1-2 орынды тайландтық спортшылар өзара бөлісті.