Қазақстандық жағажай волейболшылары Бейжіңдегі «Гран Слэма» кезеңінде 80 рейтингтік ұпайға ие болды

АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат -Бейжің қаласында 8-13 мамыр күндері жағажай волейболынан «Гранд Слэма» кезеңі өтті.
None
None

Онда негізгі кестеде өнер көрсеткен 32 жұптың арасында қазақстандық Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 25 орын алып, рейтингтік ұпай қорын 80-ге дейін ұлғайтты. Олардың командалас әріптестері Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов бірінші дәрежелік сында даниялықтардан жеңіліп,  41 орынды қанағат тұтты. Олар бұл сында 24 ұпай ғана иеленді. Онда дәл осындай  нәтижені  әйелдер арасында бақ сынаған Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова да көрсетті.

Енді ерлер арасындағы қос жұп 16-18 мамырда Ақтауда жалауын көтеретін «Aktau Invitation» Азиялық турында ел намысын қорғайтын болады. Бұл байрақты бәсеке Қазақстанда биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. 

Соңғы жаңалықтар