Қазақстандық жағажай волейболшылары Ченнай Челленджер турында үздік бестіктің қатарына енді

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен сенбі күні Үндістанның Ченнай қаласында жағажай волейболынан Ченнай Челленджер туры өз мәресіне жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Қыркүйектің 29-і күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде ел намысын екі жұп қорғаған болатын. Онда Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова 1/8 финалда германиялық құрбыларына есе жіберіп, ширек финалға өте алмады. Ал олардың командалас серіктері Инна Рахматулина мен Людмила Исаева бірінші айналымда Малайзия спортшыларының осал тұсын таба алмаған еді. Бұл Василий Кушталов жаттықтыратын ел құрамасының қарашаның 12-28 күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін XVI Азия ойындарына дайындықтарын пысықтайтын алғашқы халықаралық турнир болып отыр. Енді олар қазанның 6-11 күндері Индонезиядағы Азиялық Белинтунг Оупен, ал 11-16-сы күндері Азиялық Бангка Оупен турларына қатысады.

Соңғы жаңалықтар