Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Слам» әлемдік турының Бразилиядағы кезеңдік жарысының 1/16 финалында өнер көрсетуде

АЛМАТЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан «Гран Слам» әлемдік турының кезеңдік жарысында қазақстандық 3 жұптың біреуі ғана 1/16 финалына шықты.
None
None

Негізгі сында «С» тобында поляктарға 0:2, латыштарға 1:2 есебімен ұтылып, ал пуэрто-риколықтарды 2:1 есебімен жеңген Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко бүгін 1/16 финалда жарыс қожайындарымен күш сынасуда. Егер бұл сайыста басым түссе 1/8 финалда бразилиялықтардың келесі бір жұбымен кездесетін болады.

Олардың командалас серіктері Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 8 қазан күні басталған жарыстың дәрежелік 1-раундында украиндықтарға 0:2 есебімен ұтылып қалған еді. Жарыс жолынан ерте шыққан Дмитрий мен Алексей соның нәтижесінде 41-орын мен рейтингтік 80 ұпайды қанағат тұтқан болатын. Ал ерлер құрамасының үздіктері сияқты жарысты бірден негізгі кезеңнен бастаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова болса, американдықтар мен бразилиялықтарға 0:2, нидерландықтарға 1:2 есебімен есе жіберіп, 25 орынға табан тіреді. Сондай-ақ рейтингтік қоржынына 240 ұпай қосты.

Соңғы жаңалықтар