Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Слам» турының Бразилиядағы кезеңдік жарысында 1/8 финалда сүрінді

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан «Гран Слам» әлемдік турының кезеңдік жарысында қазақстандық 3 жұптың біреуі 1/8 финалға шыққан еді.

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Слам» турының Бразилиядағы кезеңдік жарысында 1/8 финалда сүрінді

Негізгі сында «С» тобында 3 орын алып, 1/16 финалда бразилиялық Алваро Фильо мен Рикардоның жұбын 2:0 есебімен ұтқан Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченконың жолын 1/8 финалда жарыс қожайындарының келесі бір жұбы кесті. Оларды 0:2 есебімен ұтқан Педро мен Бруно бүгін ширек финалда Алсон мен Эмануэлді дәл осындай есеппен жеңіп, жартылай финалға шықты.