Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Слэм» әлемдік турының кезеңдік жарысында үздік ондыққа енді

АЛМАТЫ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Италияның Рим қаласында 18-23 маусым күндері жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының кезеңдік жарысы өтті.

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Слэм» әлемдік турының кезеңдік жарысында үздік ондыққа енді

Онда 1/8 финалда американдықтарға есе жіберіп, 9-орын алған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко рейтингтік қоржынына 400 ұпай қосты. Дәрежелік бірінші раунда гректерден сүрінген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 41-орын мен рейтингтік 80 ұпайды қанағат тұтты.

Ал топтық кезеңде 3-орын алған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың жолын да 1/16 финалда американдықтар кесті. Соның нәтижесінде 17-орынға табан тіреп, 320 ұпайды өз қоржындарына салған олар бұл көрсеткішін биылғы маусымда осымен екінші рет қайталап отыр.