Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Слэма» әлемдік турының кезеңдік додасында үздік ондықтың қатарынан орын алды

АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Швейцарияның Гштаад қаласында 3-8 шілде күндері жағажай волейболынан «Гранд Слэма» әлемдік турының кезеңі өтті.

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Слэма» әлемдік турының кезеңдік додасында үздік ондықтың қатарынан орын алды

  Онда Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 1/8 финалда итальяндық Николай мен Лупо жұбына есе жіберіп, 9-орын алды. Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 33-орынды қанағат  тұтты.

Енді олар 10-15 шілде күндері Германияның Берлин қаласында өтетін әлемдік турдың келесі кезеңіне қатысады. Бұл бәсекеде олардың қатарына әйелдер құрамасының үздіктері  Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова қосылмақ. Аталмыш дүбірлі додада жарысты Татьяна мен Ирина және Дмирий мен Алексей дәрежелік сыннан, ал Алексей мен Александр негізгі кестеден бастайды.