Қазақстандық жағажай волейболшылары «Ханом Оупен» Азиялық турында 1 алтын, 2 күміс медаль олжалады
АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін жағажай волейболынан Таиландтың Нахон Ши Тамарат қаласында «Ханом Оупен» Азиялық туры өз мәресіне жетті.
Бұл дүбірлі додада ерлер арасында - 29, әйелдер арасында - 20 команда бақ сынаған болатын. Онда ерлер мен әйелдер арасында ел намысын қорғаған қазақстандық 4 команданың үшеуі ақтық финалда өнер көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Үш күнге созылған жарыста ерлер арасындағы бәсекеде «Қазақстан-1» (Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко) мен «Қазақстан-2» (Дмитрий Яковлев-Алексей Кулешов) 1-2 орынды өзара бөлісті. Бұл сайыста 2:0 есебімен Алексей мен Александрдың жұбы жеңіске жетті. Ал әйелдер арасындағы кездесуде «Қазақстан-1» (Татьяна Машкова/Ирина Цимбалова) командасы жарыс қөжайындарына 0:2 есебімен ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты. «Қазақстан-2» командасы болса (Бақтыгүл Самалықова/Любовь Богату) 5-7 орын орын үшін өткен жартылай финалда тайпейліктерге есе жіберіп алды.