Қазақстандық жағажай волейболшылары «Ханом Оупен» Азиялық турының жартылай финалына шықты

АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Тайландтың Нахон Ши Тамарат қаласында өтіп жатқан «Ханом Оупен» Азиялық турында қазақстандықтар
None
None

сәтті өнер көрсетуде. Кеше ерлер арасында да, әйелдер арасында да «Қазақстан-1», «Қазақстан-2» командалары сегіз ойында  қарсыластарынан түгел басым түсті.

9 сәуір күні «Қазақстан-1» командалары (Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және  Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова) екі кездесуден өткізіп, оның бәрін өз пайдаларына шешті. «Қазақстан-2» командаларынан Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 3 кездесу өткізіп, оның біреуінде  жеңілістің ащы дәмін татса,  Бақтыгүл Самалықова мен Любовь Богату 1 ғана ойын  өткізіп, онда  қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.

Бүгін жартылай финалда Бақтыгүл мен Любовь тайпейліктермен, Татьяна мен Ирина таиландықтардың бірінші командасымен сынға түседі. Алексей мен Александр жаңа зеландиялықтардың бірінші командасымен, Дмитрий мен Алексей малайзиялықтармен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар