Қазақстандық жағажай волейболшылары Канадада өткен 21 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатына қатысты
АЛМАТЫ. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Канададағы Галифаксте 19 тамыз-2 қыркүйек аралығында 21 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионаты өтті.
30 команда қатысқан бұл дүбірлі додада ел намысын Бақытгүл Самалықова мен Любовь Богату қорғаған болатын. Олар топтық кезеңдегі алғашқы кездесуде неміс қыздарын 2:1 (21-16, 18-21, 15-13) есебімен ұтып, екінші кездесуде американдықтарға (13-21, 12-21) 0:2, ал үшінші кездесуде бразилиялықтарға (9-21, 13-21) 0:2 есебімен есе жіберді. Топтық сында 3 жұп та бір ойында жеңіске жеткендіктен, партиялардағы доп айырмашылығы сарапқа салынып, онда өзге командалардың жолы болды. Соның нәтижесінде жарысты ерте аяқтаған 5 команданың бірі ретінде 25-інші орынға табан тіреді. Бақытгүл Самалықова мен Марина Пилипенко былтырғы Әлем чемпионатында тоғызыншы орын алған болатын.