Қазақстандық жағажай волейболшылары «Киш Оупен» Азиялық турына қатысады

Онда ел намысын 2 жұп қорғағалы отыр. Олар - Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев. Денис Ровкин жаттықтыратын ұлттық құрама былтыр аталмыш жарыстан алтын және күміс медальмен оралған еді. Биыл олар енді ирандықтардан 21-22 қаңтар күндері Шри Ланканың Коломбо қаласында өткен Олимпиада ойындарының дәрежелік іріктеу жарысының 2-кезеңінде кеткен есесін қайтаруға барлық күш-жігерін жұмсамақ. Онда ерлер құрамасы жартылай финалда шри-ланкалықтарды 4:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Одан кейін ақтық сында налда ирандықтармен 2:2 есебімен тең түсті. Сол себепті жеңімпаз тай-брейкте анықталған болатын. Бұл сайыста Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко Парвиз Фарух пен Мохаммад Салахқа 10:15 есебімен есе жіберген еді.