Қазақстандық жағажай волейболшылары Қытайдағы «Fuzhou Open» Әлемдік турына қатысуда

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық жағажай волейболшылары Қытайдың Фучжоу қаласында өтіп жатқан Әлемдік турдың «Open» категориясы кезеңіндегі «Fuzhou Open» жарысына қатысуда.

Қазақстандық жағажай волейболшылары Қытайдағы «Fuzhou Open» Әлемдік турына қатысуда

23 сәуір күні басталған бұл додада ел намысын ерлер арасында - 2, әйелдер арасында - 1 жұп қорғауда. Онда дәрежелік бірінші раундта француздарға ұтылған Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов сайысты ерте аяқтап, 41-ші орынды қанағат тұтты. Ал «Д» тобында бақ сынап жатқан Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко бүгін топтық сындағы ақтық кездесуін италияндықтардың 2-ші жұбымен өткізеді. Бұған дейін олар Испания мен Италия спортшыларын ұтқан болатын. Жарысты бірден екінші раундтан бастаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова швейцариялықтарды жеңіп, топтық кезеңде нидерландықтарға жеңілген болатын. Бүгін олар енді канадалықтармен күш сынаспақ.