Қазақстандық жағажай волейболшылары Қытайдағы жасөспірімдер олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жағажай волейболы бойынша екі қазақстандық команда тамызда қытайлық Нанкин қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын болды, деп хабарлады Қазақстанның Волейбол федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстандық жағажай волейболшылары Қытайдағы жасөспірімдер олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды

"Таиландта ІІ Жасөспірімдер Олимпиадалық ойынының іріктеу турнирі өтті. Мықтылар алтылығына түсу міндетін алға қойған қазақстандық жігіттер - Сергей Полищук пен Егор Дмитриев, қыздар - Екатерина Ласюта мен Анастасия Туктарева 17-27 тамыз аралығында Қытайда өтетін жасөспірімдер олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды". - делінген хабарламада.

ІІ Жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарына жағажай волейболы алғаш рет енгізілгені атап өтілген. Болашақ олимпиадашылардың жасы 15-18 аралығын құрайды. Қытайға он екі жолдама үшін Азиялық конфедерациядан 27 командамен (15-і - жігіттер, 12-сі - қыздар) өңірдің он сегіз елі бақ сынасты. Алты мықты командадан жазғы Олимпиадаға қатысатын болды.