Қазақстандық жағажай волейболшылары «Open» дәрежесіндегі Әлемдік турдың «Fuzhou Open» жарысында үздік ондыққа енді

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Қытайдың Фучжоу қаласында 23-28 сәуір күндері «Open» дәрежесіндегі Әлемдік турдың «Fuzhou Open» жарысы өтті.

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Open» дәрежесіндегі Әлемдік турдың «Fuzhou Open» жарысында үздік ондыққа енді

 Онда ел құрамасының үздігі Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 1/8 финалға дейін жетті, тоғызыншы орынға табан тіреп, қоржынына 250 ұпай қосты. Ал алғашқы сында сүрінген Дмитрий Яковлев пен  Алексей Кулешов жұбы болса 41-ші орынды (50 ұпай)  қанағат тұтты. Сондай-ақ, әйелдер құрамасының үздігі Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова 25-ші сатыдан көрініп, рейтингтік қоржынына 150 ұпай қосты. Дәрежелік раундта швейцариялықтарды қапы қалдырған олар топтық сында "G" тобында бақ сынады. Өкінішке орай,  Нидерланды мен Бразилия спортшыларынан - 0:2, ал канадалықтардан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.