Қазақстандық жағажай волейболшылары Ресейдің ашық чемпионатына қатысты
АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мамырдың 7-9 күндері жағажай волейболынан Анапа қаласында Ресейдің ашық чемпионаты өтті. ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада оған Қазақстаннан 2 команда қатысқаны айтылған.
«Волей град» кортында болған бұл байрақты бәсекеде Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко - 6, ал Александр Бабичев пен Антон Пилипюк 24-орынға табан тіреді. А. Дьяченко мен А. Сидоренконың жұбы ширек финалда кейін Ресей чемпионы атанған Ярослав Кошкарев пен Дмитрий Барсукқа ғана есе жіберді.