Қазақстандық жағажай волейболшылары Швейцариядағы Әлемдік тур кезеңіне қатысуда

АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Швейцариядағы Гштаадта жағажай волейболынан «Гранд Слэма» Әлемдік тур додасының кезеңдік жарысы өтіп  жатыр.

Қазақстандық жағажай волейболшылары Швейцариядағы Әлемдік тур кезеңіне қатысуда

 Сәрсенбіде басталған бұл жарыс ертең өз мәресіне жетеді. Онда ел құрамасының үздігі Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко рейтингі бойынша жарысты топтық сыннан бастады. Олар венесуэлалық (21-19, 21-17) және  жаңа зеландиялықтарды (21-13, 21-14) ұтып, тек американдықтарға (19-21, 19-21) ғана ұтылды. Осыған қарамастан олар енді бүгін және ертеңгі плей-офф кезеңінде бақ сынамақ. Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жарыстың негізгі кестесіне кіре алмады. Бірінші кезеңде Оңтүстік Африка Республикасынан келген қарсыластарын  2:1 (21-18, 13-21, 15-12) етіп ұтқан олар, екінші кезеңде жарыс қожайындарына дәл осындай есеппен есе жіберіп, 40 ұпаймен 33-інші орынды қанағат тұтты.