Қазақстандық жағажай волейболшылары студенттік командалар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңдерінде өнер көрсетуде

АЛМАТЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландта студенттік командалар арасындағы Азия чемпионатының  жартылай финалдық ойындарында алаң қожайындарымен бақ таластыруда. 27 қараша күні басталған бұл байрақты бәсекенің жеңімпаздары бүгін анықталады.

Қазақстандық жағажай волейболшылары студенттік командалар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңдерінде өнер көрсетуде

Бақтыгүл Самаликова мен Любовь Богату бұған дейін топтық кезеңде қырғызстандықтар мен гонконгтықтарды 2:0, тайландықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын. Кеше ширек финалда филлипиндіктерден 2:0 есебімен басым түскен олар енді жартылай финалда тайландықтардың 1-ші нөмірлі жұбымен ақтық финалдың жолдамасын сарапқа салуда. Жалпы Азия чемпионатына биыл 12 елден 19 жұп қатысқан болатын.