Қазақстандық жағажай волейболшыларының Индонезиядағы Батам Оупен турнирінің ширек финалына шығуға мүмкіндігі бар

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Индонезияда жағажай волейболынан 2-Азиялық тур өтіп жатыр.
None
None

«Батам оупен» деп аталатын бұл дүбірлі додада бүгін ширек финалға жолдама алатын командалар анықталады. Кеше 1/8 финалдық алғашқы ойында әйелдер арасындағы сында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың жұбынан құрылған «Қазақстан-1» командасы жаңа зеландиялықтарды 2:0 есебімен ұтты. Бақтыгүл Самалықова мен Марина Пилипенко жұбынан тұратын «Қазақстан-2 командасы болса таиландтықтарға дәл осындай есеппен есе жіберді. Ал ерлер арасындағы сайыста Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко («Қазақстан-1») индонезиялықтарды (2:0) ұтса, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов («Қазақстан-2») қытайлықтардан 2:1 есебімен басым түсті. Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыс сәуірдің 21-і күні жалауын көтерген еді. Енді ертең, ширек, жартылай және ақтық финалдық ойындар өтеді.

Соңғы жаңалықтар