Қазақстандық және ресейлік әншілердің бір сахнада ән салуы көпке дейін есте қалады - Андрей Малахов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОКҚ-де өткен брифингте Ресейлік белгілі тележүргізуші Андрей Малахов «МУЗ-ТВ» сыйлығын табыстау рәсіміне келгенде Астана әуежайында өзін шашу шашып қарсы алғанын айтты.

Қазақстандық және ресейлік әншілердің бір сахнада ән салуы көпке дейін есте қалады - Андрей Малахов

Айта кетейік, бүгін таңертең Астанаға шараның жүргізушілер Максим Галкин, Андрей Малахов, Ксения Собчак, Лера Кудрявцева, сондай-ақ, әншілер Николай Басков пен Филипп Киркоров ұшып келді. Оларды музыканттар қазақтың ұлттық аспаптарымен ән ойнап қарсы алса, ұлттық киім киген қыздар шашу шашқан. «Қуанышпен қарсы алғандарыңызға рахмет. Біз таңертең ерте ұшып келдік. Аспаннан жауған кәмпиттер, құшақ-құшақ гүлдер, әуелеген ән, барлығы керемет болды. Мен Астанада үш жылдан бері болған жоқпын. Сондықтан, қаланы аралаған кезде мұнда ЭКСПО-2017 көрмесі мен МУЗ-ТВ сыйлығын тапсыру рәсімін өткізу идеясы өте орынды екенін түсіндім. Менің ойымша, бүгінгі шарамыз астаналықтардың ыстық ықыласынан жаңа серпін алып, қазақстандық және ресейлік әншілердің бір сахнада ән салуы көпке дейін есте қалады. Арманның (Дәулетияров) шараны осы қалаға ауыстырғаны өте дұрыс болған. Бұл шараға жаңа екпін мен соны жаңалықтар әкелетіні сөзсіз», - деді ол.