Қазақстандық Жанель Серікбаева оқ атудан Азия чемпионатының «алтынын» еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армияның орталық спорт клубының әскери қызметшілері 1-12 қараша күндері Эль-Кувейт (Кувейт) қаласында өтіп жатқан оқ атудан ХІІІ Азия чемпионатына қатысуда.

Қазақстандық Жанель Серікбаева оқ атудан Азия чемпионатының «алтынын» еншіледі

50 метрлік қашықтықта «МВ-9» жаттығуында жатып оқ атудан ЦСКА командасының штаттық спортшысы, спорт шебері Жанель Серікбаева 60 рет атып, жекелей біріншілікте Тайланд және Малайзия спортшыларын басып озып, 621,1 ұпаймен алтын медальді жеңіп алды, деп жазады Sports.kz .