Қазақстандық жанкүйерлер Аргентинада өткен Дэвис Кубогы жарыстарын тамашалады

АЛМАТЫ. 19 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «КаР-Тел» ЖШС «Эйс - Аргентинаға ұшу» байқауы жеңімпаздарының Буэнос-Айрес қаласына сәтті барып келгені туралы хабарлады.

Қазақстандық жанкүйерлер Аргентинада өткен Дэвис Кубогы жарыстарын тамашалады

«Эйс - Аргентинаға ұшу» SМS-викторинаны астаналық Жігер Азбергенов жеңіп алды. БАҚ арасында отандық теннис туралы ең үздік жарияланымның байқауында командалық аталымда «TennisLife» және «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакциясы, жеке аталымда «Мегаполис» апталық газетінің спорт шолушысы Леонид Юрьев және «Аламан» республикалық спорт порталының бас редакторы мен «Алматы» телеарнасының журналисі Рауан Оқас жеңімпаз болып анықталды.

Байқауға барлығы 2872 Beeline абоненті және Қазақстанның 15 басылымының 18 журналисі қатысты.

Акция жеңімпаздары 2011 жылдың 7-9 шілдеcі аралығында Қазақстан мен Аргентина құрамаларының арасындағы Дэвис Кубогы ойындарына көрермен ретінде қатысты.

«Әлемнің басқа бір құрлығында өткен Дэвис Кубогының ширек финалында Отандық теннистің тарихында алғаш рет ойнаған біздің спортшыларға оңай болған жоқ. Алайда олар мұнда жалғыз емес еді. Теннис федерациясы бастамасы және «КаР-Тел» компаниясының қолдауы арқасында жанкүйерлер мен журналистерден жасақталған команда жиналды. Отыз мың көрерменге арналған Parque Roca стадионында жанкүйерлер біздің спортшыларға елеулі қолдау көрсетті», - дейді Қазақстан Теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бүрлібаев.

«Буэнос-Айреске жасаған сапар бізді үлкен әсерге бөледі. Жергілікті халықтың ізгі ниеті, тамаша тағамдар, «жылы желдер» қаласының қайталанбас ауаны - мұның барлығы Аргентинаға сапар шеккен адамдардың жадында көпке дейін қалады. Beeline операторына Қазақстандағы теннис жанкүйерлеріне есте қаларлық алты күн сыйлағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз», - дейді «TennisLife» журналының бас редакторы Қуандық Шынасылов.

«КаР-Тел» ЖШС 2008 жылдан бастап Қазақстан Теннис федерациясының демеушісі болып келеді.