Қазақстандық жас боксшы профи-рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 жастағы қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (жеңісіне дейін: 3-0, 2КО) профи-рингтегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы Фейсбук -те хабарлады.
Германияның Берлин қаласында өткен бокс кеші аясында қазақстандық спортшы алты раундтың нәтижесі бойынша Босния және Герцеговина боксшысы Милош Яньянинді ұтты.
