Қазақстандық жас дзюдошы қыздар Словениядағы жарыста алтын иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словенияда жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен халықаралық жарысты ел спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстандық жас дзюдошы қыздар Словениядағы жарыста алтын иеленді

Командалық есепте ұлдарымыз Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатхан, Санжар Жабборов үшінші орын алды.

ҚР Дзюдо федерациясының хабарлауынша, қазақстандық қыздар командасы (Нұрсұлу Ерәлиева, Ақмарал Науатбек, Нұржамал Жарманова, Аида Карчаева) алтын жүлдені жеңіп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Ал жекелей сында келесі дзюдошыларымыз жеңіске жетті:

Н. Манарбекұлы - 2 орын (34 келі) К. Жүнісбек - 3 орын (38 келі) Д. Амонқосов - 3 орын (46 келі) А. Науатбек - 3 орын (48 келі) Д. Болатбеков - 3 орын (50 келі) М. Қапсаттар - 2 орын (55 келі) Е. Амангелді - 3 орын (55 келі) А. Әнуарбек - 3 орын (55 келі) С.Жұбатхан- 3 орын (90 келіден жоғары)