Қазақстандық жас дзюдошылар Азия кубогында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-24 маусым күндері Ыстықкөлде (Қырғызстан) жастар арасында дзюдодан өткен Азия кубогында Қазақстан жастар құрамасы үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Азия құрлығының 9 елінен 159 жас татами шебері бақ сынаған тартысты бәсекеге ел құрамасынан 25 дзюдошы қатысты.

Екі күнге созылған жылдың маңызды додасында Қазақстан жастар құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Алтын медаль

Мөлдір Нарынова (70 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

Сұңғат Жұбатқан (66 кг)

Күміс медаль

Ләззат Әлімхан (57 кг)

Амина Расул (-78 кг)

Қола медаль

Бақыт Абдусамат (55 кг)

Нұрсұлу Ералиева (52 кг

Санжар Балғымбеков (-81 кг)

Соңғы жаңалықтар