Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогында алты медальға ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустрияның Грац қаласында жастар арасында дзюдодан өткен Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, Қазақстан жастар құрамасы екі алтын, екі күміс, екі қола жүлдеге ие болды.

Жамбыл облысының өкілі Нұрқанат Серікбаев 60 кг, батысқазақстандық Нұрсұлтан Зайзағалиев 66 кг салмақта қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, чемпион атанды. Мерей Марханбетов 60 кг, қыздар арасында Аида Тойшыбекова 78 келіден астам салмақта екінші орынға көтерілді. Сондай-ақ Максим Мейірлан 81, Есмигүл Куюлова 63 кг салмақта үздік үштікке ілікті.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Жапониядан кейін екінші орынға шықты.

Қазақстандық бозбалаларды Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев жаттықтырса, қыздардың бапкерлері - Арсен Хатип пен Нұрбек Мықтыбеков.


Соңғы жаңалықтар