Қазақстандық жас футболшылар Түркиядағы халықаралық турнирде жүлделі орыннан тыс қалды

АЛМАТЫ. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Түркияның Алания қаласында 24-31 наурыз күндері футболдан 1998-2003 жылғы балалар арасында «Түрік демалыстары» халықаралық турнирі өтті.

Қазақстандық  жас футболшылар Түркиядағы  халықаралық турнирде  жүлделі орыннан тыс қалды

Онда 1998 жылғы жасөспірімдер арасында Алматы қаласының «Қайрат» футбол клубы 4-ші орын алып, Рамазан Оразов «үздік жартылай қорғаушы» деп танылды. 1999 жылғылар арасында Ақтаудың «Каспий» командасы алғашқы бестіктің қатарына еніп, Нұралы Әліп «үздік шабуылшы» атанды. Ал олардың 2000 жылғы ізбасарлары - 4-ші, Алматының №2 дарынды балаларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары мен «қайраттықтар» 5-6 орындарды бөлісті. Бұл сында Хан Өмірбеков («Каспий»), Мәди Жакыпбаев (№2 мектептен), Арыстан Мұқашев («Кайрат») көрермен көзайымы атанды. Сондай-ақ 2001 жылғылар арасында бақ сынаған ақтаулықтар («Каспий») 10-шы сатыға табан тіреді.