Қазақстандық жас ғалым халықаралық жобада үздік атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –9 елдің 1200 зертттеушісі қатысқан «Үздік жас ғалым – 2020» халықаралық жобасында қазақстандық студент жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еуразия ұлттық университетінің хабарлауынша, аталған оқу орнының 4-курс студенті Камила Егізбек жеңімпаз атанған.
«Оның адамзатқа энергияны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретін перовскиттік наноқұрылымдардың қасиеттерін зерттеудегі ғылыми зерттеу жұмысы ерекше бағаға ие болған. Бұл өз кезегінде технологиялардың өнеркәсіптік дамуына үлкен үлес қосады» - делінген хабарламада.
Жобаға Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Түркия елдерінен үміткерлер өтінім берді.
