Қазақстандық жас ғалым Қытайда ғылым докторы атанды

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Мәдина Мейірім/ - Қазақстандық жас ғалым аспанасты елінде білім алып жатқан біздің отандастарымыздың арасында дипломатия саласы бойынша алғашқы докторлық диссертация қорғады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2004 жылы Қытай халық университетінің магистратурасын тәмамдаған Қуаныш Амантай Қытай дипломатиялық академиясына докторантураға түседі. Біздің елімізбен Қытай Халық Республикасының арасындағы стратегиялық әріптестіктің, өзара қарым-қатынастың маңызын түсінген, ал бұл жайында қытай тіліндегі әдебиеттердің аз екенін ұғынған жас ғалым, егемен Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі сәттерді, екі мемлекет пен екі ел халқының арасындағы қарым-қатынастарды қытай оқырмандарына таныстыру ниетімен қазақстан-қытай қарым-қатынасын өз диссертациясына тақырып етіп таңдайды. Қуаныш Амантай өз еңбегінде қазақ, орыс, қытай және ағылшын тілдеріндегі материалдарды пайдаланып, Қазақстанның сыртқы саясаты мен қазақстан-қытай қатынасына қатысты түрлі елдер мен аймақ зерттеушілерінің пікірлерін беруге тырысқан. «Заманауи Қазақстанның сыртқы саясаты және қазақстан-қытай қарым-қатынастарының Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы орны» тақырыбына арналған еңбегі үшін Қуаныш Амантай ғылым докторы атағын алып отыр.
Соңғы жаңалықтар