Қазақстандық жас өнертапқыштар сайысы

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Астанада «EXPO-2017 балалардың көзімен» тақырыбында «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты халықаралық ғылыми практикалық форумы өтуде.
None
None

Оған еліміздің барлық өңірінен келген 180-ге жуық дарынды балалар қатысып, EXPO тақырыбында «жасыл» энергетика мен биотехнология саласында әзірлеген жобаларымен таныстырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл экспонаттардың саны артқан. Себебі форумға қатысуға еліміздің барлық аймақтарынан оқушылар қатысуда.

«ЕХРО-2017 балалардың көзімен» тақырыбына балалар өздерінің экспонаттарын алып келуде. Бұл жерде энергетика мен роботехникаға байланысты шығармашылық жұмыстар кездестіре аласыз. Түстен кейін балалар өздірінің ғылыми-зерттеу шығармашылықтарын дәлелдейді», - дейді ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Үміт Жексенбаева.

ЕХРО-2017 тақырыбы аясында өтіп жатқан форум 2 күн бойы өтеді. Онда барлық инновациялық жобалар 5 номинация бойынша марапатталады. Ең үздік жоба иегері патент алу мен болашақта халықаралық көрмеге қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы 24 kz. хабарлады.

Соңғы жаңалықтар