Қазақстандық жас шахматшы Азиядада жүлдегер атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Таиландтың Чиангмай қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қызылордалық Назерке Нұрғали үздік үштікке кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жас шахматшы Азиядада жүлдегер атанды

Ол швейцар жүйесі рапид түрінен бойынша 7 турдан 6 ұпай алды. Осылайша күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетелік, құрлық біріншілігіне Азияның 22 елінен 500-ден астам спортшы бақ сынап жатыр.

 

Әділет ҚАҢТАРБАЕВ