Қазақстандық жас шахматшы Испаниядағы жарыста көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда «XXXIV Open Internacional Villa de Benasque» ашық турнирінде әйелдер арасында өткен додада гроссмейстер Динара Сәдуақасова көш бастады, деп хабарлады astana.kz.

Қазақстандық жас шахматшы Испаниядағы жарыста көш бастады

Динара Сәдуақасова - елордалық Х.Омаров атындағы шахмат клубының шәкірті. Сайыста жас спортшы 38 елдің үздік шахмат шеберінен басым түсті, соның ішінде олардың 37-сі халықаралық гроссмейстер болса, 33-і халықаралық шебер. Жоғары дәреже де өнер көрсеткен жеңімпаз Қазақстанға екі кубокпен оралды.